Ұсыныс!

Қазақстан аумағындағы супермаркеттерде тек қана қазақша әуен ойнап тұруы керек. Бұл өзге тілде ойлайтын елдің санасын жаулауға жақсы әсер етеді. Өзімізге де жағымды. Маркетологтар күннің әр мезгілінде әр түрлі ырғақтағы әуендерді қоюға кеңес береді екен. Мысалы: сағат 2-5 арасында баяу ән қою. Бұл мезгілде супермаркетке үйде отыратын, асықпайтын адамдар сауда жасауға көп келеді екен. Әуен де баяу болса олар асықпай жүріп таңдауын жасайды. Керісінше сағат 6-9 аралығында тез әуен қояды. Бұл мезгілде жұмысынан үйіне асығып бара жатып тез-тез сауда жасайтын қызметтегі адамдардың уақыты (час пик). Яғни, супермаркеттегі қойылатын әуендер адамның санасына, іс-қимылына тікелей әсер етеді. Оны көбіміз байқамаймыз да. Егер біз сол әуендерді қазақшаға ауыстыртатын болсақ қазақ тіліне жақсы әсері болады деп ойлаймын. Адамдардың көп шоғырланатын, көп баратын жерлері де осы супермаркет сияқты. Насихатты шағыннан бастау керек)
Әрі қарай

Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздер

Пайдалы сайттар: Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздерАтақты Оксфорд сөздігіне редакторлар уақыт сынағынан өткен, яғни тілдік қолданысқа дендеп кірген сөздерді енгізіп отырады. Және әр үш сайын осы жаңа сөздер туралы өздерінің блогында шолу жариялап отырады.
Әрі қарай

Ақыртөбе өткелдері: Емшінің "демі"

"… оларға балалалар және әжелер жем береді және сипады. Ал онда маған «оларға көп шағынады» деп айтты". © Надежда Белқожа
Кәззап халқының кәззап баласының өсек етуі бойынша, мынадай битжұғыс хихихикаяны тастарыңызға келтірейін.

Ақыртөбе. Кешхюрем жаңбыр сиіп, әжетін өтеді. Бұлттардың зайыбы шығып кеткен-нақ. Ағаштар желмен бірге Гейлымжан Дүмшеназарбтың соңғы шыққан гейортодоксалды әніне билеп жатыр-нақ. Гәляктің гейтаныстары біл[әе]Д. Кәззапстанның кең әл-джәзиралы даласында екеу келе жатады.

— Шыдасай-нақ! Кічкөне қалды, — дейді бұты терлеп.

Екіншісі ләм демейді, лох болған күйі қасында келе жатыр. Өзінің шашы ұзын-ей, бұты да жартылай қисық. Кәззап халқының кәззап қызы ғой-нақ! Лом жұтқан өзі, көп сөйлемейді. Қасындағы сайқал еркегінің бойы ұзын, тасы ескерткішке айналған. Боқтан басқаны білмейД.

Келген жеріне жеткен соң пидрені іздейді. Сөйтсе, кәззап халқында емЧ дейД екенҒо. Емшіні тауып, діджләъйеД. ЕмЧ өзінің услугасын ұйымдастырып, бұтақақысын айтаД. Емшінің емшегі жоқ екен. СПТУ-ға «бітірген» 97-жылғы амбал ғой. Қап-қара, тілі тіл емес, жалай берген ба лібәедть!?

— Уайымдай бермеЧ-нақ! Маған келген қатынның бәрі туған. Бәрінің туғаны маған ұқсайД. Енді сен колхозыңа қайта бер бұтыңды басып. Бір жұмасы әбден қанған кезде қатыныңды әкет-нақ! Әрекет жасаймын! Жылай бермей жоғал-нақ!

Сөйтіп, әлгі чмо үйіне қайтады. ЕмЧ болса тасын ұстаған күйі мәз. Қатын да жас екен. Содан бір жұма бойы әлгі қатынды «басып-басып», «дем» салады. Джолиді секірткен Бандерос дейсің бе, шаршайдыҒо-нақ. Әлгі чмо кеп қатынын әкетеД.

Сыболыш емЧ мәз. Келесі клиентін күтіп жүр. Кәззаптардың қатындарына "әрекет" жасамайтынына бұты ашып, тасы тұрады. Бұған да рахат, әрі «дем» салады, ақшасын да алады.

P.S. Кәззап халқында емЧ-қатындардың, кемпір-семпірлердің «демі» қандай болады екен лібәедтъ?! ЕптібайымайД!..
Әрі қарай

Шетелдік әже

“Заманауи” немере.

Сағат 00.25. Қараңғы купе ішінде әжесі мен немересі Жаңаарқа станциясынан түсуге дайындалып жатыр. Күні бойы жүгіріп, әзер жатқан немересі енді ұйқы сұрап, тұра алмай жатыр, бала ғой.
— Айкоша, Айкош, тұр давай, приехали уже, — деп әжесі оятып жатыр.
Бұл бала да “заманауи” немеренің біреуі екен, қазақша сөйлемейтін. Әжесі күні бойы “қазақша сөйле” десе де, орысшасын тастата алмады. Е-е де, қазір сондай заман екен-ау, немереге сөзіміз өтпей, қайта өзіміз орысша сөйлеп кеткен. Нағыз масқара деп осыны айт. Ендігі қалғаны – шамалы уақыт күтіп, сол бүлдіршіндер бізді басқа бір үйге ұзатып, үйлендіруі ғана. Кім кімді тәрбиелеп жүр өзі?!
Әжесінен “Немереңіз неге орысша сөйлейді?” деп сұрасам, “Үйдегі әкесі мен шешесі орысша сөйлейді, соған қарап бұл да орысша” дейді. Өзі немересіне анда-санда барып тұрады, өйткені жас жұбайлар бөлек пәтерде тұрады екен. Ал ол жерде жас жұбайлар білгенін істейді, мама-папа жоқ қой енді. Классикалық жағдай ғой, Алла өзі кешірсін бұндай сөз үшін. Отағасы кредитті жабам деп таңертеңнен кешке дейін жұмыста, үйде бәйбішесі жалғыз өзі шаруаны тындырып, баланың тәрбиесімен айналысуға мәжбүр болады.

Енді осыны оқып алып “Ну и что, нормально ғой?!” деген адам – бала тәрбиесі дегенді ойыншық санаған, өзінің кішкентай кезін ұмыт қылып, “аспаннан топ ете қалып, осы күнге жеттім” деп ойлап жүрген адам. Ондай адамдар ары қарай оқымай-ақ қойсын, өйткені бұдан еш әсер де, пайда да болмайды.

Ана болу оңай ма еді?

Ер кісілерге түсіну қиын, тоғыз ай бала көтеру бақыты оларға бұйырмаған. Ал енді ол баланы өмірден аттанардай қиындықпен дүниеге әкеліп, бағу басқа дүние. Емізу, ұйықтту, алды-артын жуу, ұйқысыз түндер, мазасыздық (әсіресе бала ауырып қалса) – бұның бәрі ауыр шаруа. “Енді амал қанша, шыдау керек” десеңіздер келіспеймін емес келісемін, дұрыс әрине, шыдау керек. Алайда жас келінге аналықты түсіндіретін, ақылын айтып, жәрдемінде табылатын адамның болуы жас бәйбішеге едәуір жеңілдік беретіндігі сөзсіз. Оларды көбінесе ата-ене деп білеміз.
Ал қазір жас жұбайлар көбінесе ата¬-енесінен бөлек шыққандықтан, бәйбішеден басқа сәбимен айналысып, ойнайтын адам жоқ. Үйдің шаруасымен басы қатқан ананың жалғыз көмекшісі ол не (орысша) “Nickoledeon”, не (орысша) планшет. Өзіндік “тәрбие” беретін де солар. Оған қоса осы заманның “бақыт, молшылық пен абырой тілі” болып табылатын орыс тілінде сөйлесетін әкесі мен шешесінің “арқасында” бала түгелімен орысбай болып, кейін ата-әжесін “таң қалдырады”. Әжесінің қазақ тілі – енді оған шет тілі. Сосын шет тілде сөйлейтін әжесі “қазақша сөйле” десе қайдан сөйлесін, шет тілде сөйлеу оңай болып па еді?! Мектептерде қазақ тілін шет тілдер қатарына қоссақ қайтеді өзі?! (күлемін)

Шетелдік әже

Өкініштісі, мұндай бірін-бірі түсінбейтін “жұптардың” қазіргі кезде бір-екілеп емес, он-жиырмалап та емес, мың-мыңдап көбеюі. “Я не хочу-у...” деп ырбиып алып, әжесі мен атасы не деп жатқанын ұқпайтын немерелер ендігі заманда үйреншікті болып кетті.
Баяғыда қандай еді демей-ақ қояйын, осы, біздің қатарымыздың өзінде, “ата-әжесінің қолында өскен” бала деген бренд болатын, шын айтам. Ол да, тегіннен емес-тін. Өйткені ондай тәрбие көргендер расымен ерекше көрінетін. Ондай брендпен шыққандар шаруаға ыңғайы бар, бауырмал, бет-алды жоқ еркеліктен аулақ болатын. Сіздер де менімен келісерсіздер.
Бұл да таң қалдыратын дүние емес қой. Неге десеңіз, мінезі отырған, өмірді көптен көрген, сезім әлемінен ақыл әлеміне толықтай өткен ата-әжелеріміз барып тұрған педагогтің өзі емес пе?! Олардікі ғасырлық тәжірибемен сұрыпталып келген “супер-пуппер” методика емес пе?! Ал енді няньканың, неше түрлі тренингтің қажеті қанша?!
Ащы шындық енді, нені жасырамыз, сол керемет методиканың “м”-сы түгілі жоқ бүгінде. Негізі ол бар, бірақ немеренің қазақша білмегендігінен ата-әжелеріміздің супертәжірибелері аяқ асты назарсыз қалып, зая кетуде.

Өзексіз ағаш – қу тақтай

Енді қазақ тілі тек мемлекеттік тіл емес екендігін түсініп, мойындайтын кез келді. Өйткені қазақ тілі – біздің рухымыздың тілі. Ол – біздің өзегіміз. Өзексіз ағашты қанша суарсаң да, күндердің күнінде қурап қалады. Қазақ тілі – ұрпақтарды байланыстыратын көпір екен. Алдыңғы ұрпақтың бізге хаты – қазақ әдебиеті шетте қалды, өйткені cол көпір бүгінде алаулаған от ішінде. Осы күні құмандарымыз суға толы болса да, кеселеріміз бос, өйткені қазақ тіліміз – сол құманның шүмегі. Иә, солай…
Сондықтан да қол қусырып отыра бермей, қазақ тілі мұғалімдеріне сеніп қалмай, баламызды қазақша үйретуіміз керек. Ал қазақ тілін үйрету деген тек қазақ тілінде оқып-жазуды үйрету емес, ол дегеніміз баланы қазақ тілімен өмір сүруді үйрету. Ол үшін сен өзің де қазақша өмір сүруің керек, өйткені қазақ өліміне белшесіне батқан адам қалайша басқаға қазақша өмір үйретсін?!
Әрі қарай

Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Үйіңіздегі көк жәшіктен аптасына неше рет кино көресіз? Әйтеуір отандық телеарналардың біреуіндегі ұнағанын қарайсыз ғой. Сол фильмдердің дубляжы көңіліңізден шыға ма? Жалпы дубляжы, дыбысталуы туралы білетініңіз бар ма?

Телеарналар өздері көрсететін фильмнің түпнұсқасын сатып алып, қазақ, не орыс тіліне аударады. Арнайы дистрибьюторлық компанияларға алдын ала тапсырыс беріледі де, салыстырмалы түрде рейтингі жоғары, халыққа қызық болады-ау деген киноларды таңдайды. Мысалы, аптасына 2 фильм көрсетілу керек болса, шамамен, жылына 104 фильм сатып алады. Ол фильмдерді жыл бойына 2-ақ рет көрсетуге рұқсат бар. Тіпті, Хоббит сияқты жаңа, эксклюзив фильмдерді алғаш боп қай канал сатып алады, 2 жыл ішінде сол арнадан ғана көрсетіледі. Бұл — көрсетілімге эксклюзивті құқық деп аталады.
«Ал, өзіміздің… Қазақфильмнің...» деп күбірлегелі жатырсыз ғой, иә? Қазақфильмде эксклюзивті құқық деген жоқ екен, яғни бір фильмді бірнеше арна бір мезетте көрсете алады. Бұл шартына бағасы да сай келмейтін ұқсайды. Бейресми дерек көздерінің көрсетуінше, шетелдік фильмдер 2 000-20 000$ арасында алынса, отандық өнімдердің ескісі 100 мыңнан, 2000 жылдан бергісі 150 мың мен миллион теңгенің арасында сатылады. Ескі фильмдеріміздің қайта-қайта көрсетілетін себебі де осында шығар: жүз мың теңгенің бетіне қарамай, ала беретін болып тұр ғой  Негізі шетелдік фильмдердің орташа құны 6000-6500$ құрайды-мыс.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?
Сатып алынған киноның қай тілге аударылатынын арнаның бас директоры бекітіп, оны дубляждауға жібереді. Қазақша дубляждалған фильмдерге қарағанда қазақша телебағдарламалардың рейтингі жоғары болғандықтан көбіне фильмдерді орыс тіліне аударады. Сондықтан қазақша аз, оған сұраныс та аз. Рас қой, қазақша дубляждалған фильм көргенше, қазақша бағдарлама көрген қызығырақ сияқты. Әлі қазақша аудармаларға сенбегендіктен бе, білмеймін…

Фильм сатып алынды. Енді ол қалай дубляждалады? Көрерменге ұсынылғанша қандай еңбектер атқарылады?
7 арнаның дубляждау бөліміне келіп, бәрін тәптіштеп сұрап алуға тырыстым. Дубляж жасау бөліміне келіп түскен фильм алдымен аудармашыларға бөліп беріледі. Бұл жерде он шақты аудармашы қызмет етеді. Мәтіннің күрделілігіне қарай аударманың қиындығы да арта түседі. Бір аудармаға орташа үш күн беріледі.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Аударылған мәтінді редактор бір күндей тексереді. Сөздерді ауыз қимылына келтіріп, емеурінін жөндеп, көркемдік стилистика жағынан түзеп, дыбыс режиссеріне тапсырады. Дыбыс режиссері фильмнің дұрыс дыбысталуын, қимылдан сөздің қалып кетпеуін қадағалайды. 7 арнада осы саламен екі жас қыз айналысады. Әйнектің мына бетінде бәрін бақылап отырады.
Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Мынау — дауыс жазылатын кабинет. Барлық рөлді дұрыс дыбыстап болмайынша актерлар осы кабинеттен шықпайды. Қолынан мүлде ештеңе келмей жатқан актерлар басқасымен алмастырылады.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Актер мәтінді үйіне алып кетеді, киноны көреді, мәтінді оқиды, кейіпкердің мінезін сіңіреді, әбден дайындалады. Мұнда 1 фильмді дыбыстауға 2-3, көп дегенде 4 актер ғана қатысады. Баяғы «мұрнын кір қыстырғышпен қысып алып» сөйлейтін ағай жоқ сіздерге  

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Әрине, дубляждалып жатқан фильм актерлардың көз алдында тұру қажет.
Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Міне, бізге бір фильмді көрсету үшін осынша еңбек етеді. Ал, біз өзімізше телеарнадан кино көрмейміз. Солай ғой, мойындаңызшы?

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?Кенжемұрат Көшеров, дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі
— Бес жылдан бері жұмыс істеп келеміз, мыңнан аса фильмді қазақ тіліне аудардық. Аудармамыз сапалы деп айта аламыз. Сөздің тігісін жатқызып, қисынын келтіруге тырысамыз. Орыстар боқтап сөйлейді екен деп, солай аудара салуға болмайды. Бірақ, уытты сөзді қажет етіп тұратын жерде қолданамыз, рөлді ашу керек. Стилистикасы да баса назар аударуды қажет етеді: жас жігіттің аузына шалдың сөзін салып қоя алмайсың, көрермен қабылдай алмайды.
Басқа арналардың аудармаларын міндетті түрде көріп, мониторинг жасап отырамын. Ол маңызды. Негізі барлық арнада бірдей аударма дегенмен, кем-кетіктер боп жатады. Кейбір сөздерді тура мағынасында аударып жіберіп жатады. Мысалы, «Жаужүрек мың бала» фильмінде«Сайтан алғыр» деген сөз жүр. Қазақта ондай сөз ешқашан болмаған, ол — орыстың «черт побери»-інің аудармасы. Актерлар да театрдағы пафостан түсе алмай, тым әсірелеп дыбыстайды, көрерменнің құлағына түрпідей тиеді. Қарапайым тұрмыстағы әңгімені көркемсөзге айналдырып жібермесе екен. Қазір қазақи сөз саптауды меңгерген мамандар аз, бірақ, бәрі түзелетініне сенем.

Блог - aikarakoz: Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?Елшібаева Саида, аудармашы
— Мен ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударамын. Қытай тіліндегі фильмдерде міндетті түрде ағылшынша титр болады, оны аудару да қиын емес.
Бізде аудармашылар штатан тыс жұмыс істейтіндіктен еңбекақымызды аударманың көлеміне қарай аламыз. Ол фильмнің хронометражына тікелей байланысты. Мысалы, 40 минуттық фильмді аудару бағасы — 20 мың теңге. 40 минуттан асып жатса, бағасы да 50-60 мыңға дейін баруы мүмкін.
Сөзбе сөз аудармай, мағынасын беруге тырысамыз. Өйткені, ағылшын тілінен аударатын фильмді алайықшы, олардың сөйлесу мәдениеті басқа, менталитеті басқа, тіпті, мақал-мәтел, тұрақты тіркестері басқа. Сондықтан сөзбе-сөз аудару мүмкін емес.
Боқтайтын жерлерінде «сұмырай», «жексұрын», сүмелек" дегеннен артық сөздер қолданылмайды. Өйткені, дубляждың көркемдік жетекшісі сондай талап қояды.
Фильмді аударғанда түпнұсқадағы мағынаның 30 пайызы өзгереді. Онымен барлық аудармашы келіседі деп ойлаймын.

Кино дубляждалып, халыққа ұсынылады. «Оны халық қалай қабылдайды екен» деген оймен көрермендер арасында кішігірім сауалнама жүргізіп көрдім.
Телеарналардағы қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің аудармасы ұнай ма?
Қуат: — Шынымды айтсам, өзіміздің телеканалдардан кино көрмеймін.
Бота: — Сауатты аудармалар бар. Бірақ, ең сорақысы — әйелдің дауысын еркек оқитын аудармалар.
Әлімбек: — Отандық телеарналарда фильмдерді қазақша дыбыстауды орташа деңгейде деп айтуға болатын шығар. Кемшілігі — бірнеше кейіпкерді бір ғана актердің дыбыстауы.
Самат: — Әдепке сай емес, боқтайтын жерлерін аудармай, өткізіп жібереді. Ол қызық емес.
Жаннетта: — Бір арнаның дубляж бөлімінде 3 жыл жұмыс істедім. Сол ұжым ең креатив деп ойлаймын.
Қазына: — Аударманың болғаны жақсы. Бірақ, жасанды емес, кейіпкердің түр-сипатына сай дауыстармен аударса екен. Шетелдік 1-1,5 сағаттық фильмді қазақ тілінде көрген қызық емес.
Гүлнұр: — «Аударма жақсы. Бірақ, біздікілер тым әсірелеп, әдебилендіріп жібереді, ол сөздерді халық есітпеген болуы да мүмкін. Тұрмыстық қарапайым сөздермен аударса, бәрі көретін еді ол фильмдерді.

Ал, сіз ше? Телеарналардағы қазақша дубляждалған фильмдерді көресіз бе?
Әрі қарай

Қай тілде жиі сөйлесесіз?

«Аталмыш қазақтілді сайт қолданушыларына мына сұрақты неге қойды екен?» — деп сұрарсыз. Иә, керекшілердің басым бөлігі (ұлттарына қарамастан) қазақтілділер, бірақ "қазақ тілін білу" мен "қазақ тілін қолдану"-дың арасында үлкен айырмашылық бар. Біз мында барлығымыз қазақ тілінде ой бөлісіп, пікір алмасқанымызбен, шынайы өмірде қазақ тілін уақытша ысыра тұрып, ортамызға байланысты басқа тілде сөйлесуіміз мүмкін. Оған мынадай себептер болуы ықтимал: отбасы, жолдастар, жұмыстағы әріптестер, мансап қуу, жалпы орта, тіл табысу, ойыңды жақсы жеткізу, қарым-қатынас орнату, белгілі бір бір сәттік мақсатқа жету, жеке өмір, бақытты болу, жаңа өмір бастау.) Сонымен, кімге қай тіл жақын немесе кім (қазақ тілін санамағанда) қай тілде еркін сөйлесе алады?
Бір сұрақ: Қай тілде жиі сөйлесесіз?
Әрі қарай

Қазақша сөйлемесем ше?

Бүгінгі күн дүйсенбі болған үшін бе, күллі әлемге негатив шашып, улағым кеп тұр. Бүкіл өткен-кеткен реніш-өкпемді жинастырып, еске алып, өз-өзімді аяп, өзімді сондай бір әділетсіздіктің құрбаны сезінгім кеп отыр — деп күлкім кеп кеткені)))

Көпшіліктің сөзін сөйлеп, ығына көшіп немесе көпшілікке қарсы шығып, атым шығару мақсат емес. Дұрыс/бұрыс болсын тек өз ойымды айтқым келеді. Біреу түзелер, не мені түзер. Себебі, қоғамда менің қауашақ миыма симайтын құбылыстар көп. Соның бірі — қазақ тілі мәселесі. Нақтырақ айтқанда, бүкіл ФБ толған “қазақша сөйле” деген лозунгтар.

Бұл сөзді қазақ қазаққа айтып жатса қабылдауға болады. Бірақ, бұйрық райдан гөрі “Ана тілің арың бұл” деген сөздер жақсы әсер етеді ма деп ойлаймын. Өзге ұлттарға қазақша сөйлеуін талап ете алмаймыз. Біріншіден, менің тілімде сөйле деп ешкімге бишара болмайықшы. Екіншіден, адам өзге тілді, көбіне, тек қажеттілік болған соң ғана үйренеді. Неге ауылдағы орысың да, кәрісің де қазақша сөйлейді? Неге қаладағы қазақ орысша сөйлейді? Себебі, бізде қала мен ауылда екі тілдің сұраныстары бірдей емес.

Осы ғана ғой, мәселенің басы. Керек болса, орысың қазақтан бетер сайрап кете алады. Олай болса, әрбір өз ана тілін құрметтейтін қазақ жүрген жерінде өзгелерге үлгі болу керек. Қазақша сөйле, тарихыңды біл, ұлттық құндылықтарыңды жеткіз. Шу шығарып, даурыққаннан нақты істермен мақсатқа тезірек жететін сияқтымыз. Бізде, әсіресе, тағы да бір жыным келетіні — бірдеңе жасау керек болса, міндетті түрде мемлекет оған ақша бөлу керек. Бәрін жоғары жаққа ысыра салады. “Балық басынан шірейді” деген мақал билік басындағыларға ғана арналмаған. Сонда елім-жерім, тілім деп еңіреп жүрген патриоттығымыз қайда қалды?

Мемлекеттің қаржыландыру саясатын былай өзгертсе екен: бірінші мемлекетке қарызға істейсің, бәрі ойдағыдай шықса — мемлекет ақшаңды қайтарады. Міне, осы кезде нағыз бір-біріне бәсеке жобалар шығар ма еді. Нағыз елдің қамын ойлағандар мен өз қарнын ойлағандардың арасы ажырар ма еді. Әйтпесе, “аспандағы айды әперем” деген жобалар біршама уақыттан соң беті бүлк етпей, банкрот болып жатады. Не деген жауапсыздық бұл?(((

Мәселенің шешімі қаражатқа емес, адамдардың патриоттығына тірелуі керек. Рас, елім деген азамат елі үшін тегін еңбектенуден таймайды. Қажет болса, бірігіп күш жинайды. Мемлекетке тіреп қою — ол жалқаулардың, қорқақтардың, аузымен орақ оратындардың, ақша жасап қалғысы келетіндердің, т.с.с. далбасамен айналысып жүргендердің ісі.

Жақында елбасы мемлекеттен қаржы бөлу кезіндегі олқылықтар жайында сөз сөйлеген болатын. Бұл мәселенің елбасыға жеткеніне қуаныштымын. Келер жолы қатты қаралатын болар деп сенемін.

Уффф, кеттім, суып кеткен әбетімді ішейін…
Дереккөз
Әрі қарай

Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды

Менде бір керемет сюжет бар...: Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды
Кеше Қызылорданың танымал басылымы «Сыр ақшамы» газетінің редакциясында тіл мерекесі іс-шаралары аясында қазақ интернетіне еңбегі сіңген сурет марапатталды. 10 жылдан бері түрлі сайттарда 537 жаңалыққа тақырыптық сурет қызметін атқарған сурет осы саланың үздік суреті атанды.

Шара барысында қазақ тіліне қызмет етіп жүрген таңдаулы суреттерге БАҚ ұйымдарының және сайттардың марапаттары табысталды. Биыл «Еңбегі сіңген сурет» атағына "Қазақ тілі" суреті лайық деп танылса, үздік суреттер қатарына «Домалақ ту», «100 % қазақша»,«Тіл» суреттері кірді. Аталмыш суреттер мемлекеттік қорғауға алынып, бұл суреттерге арнайы хостинг беріледі. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болды. «Сыр ақшамы» газетінің құрылтайшысы және бас редакторы Марсель Көшімхан "Қазақ тілі" суретіне«Газеттің құрметті суреті» атағын берді.

Кеш соңында отандық эстрада жұлдыздары суреттерді және қолданушыларын мерекелерімен құттықтап, әннен шашу шашты.

Марсельдің Элеонорасы
«Сыр ақшамы»
Әрі қарай

Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс!
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Әрі қарай

Қазақша сөйлеуді алдымен өзімізден бастайық!

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін алдымен өзіміз таза сөйлеп үйренейік. Ең оңай және қарапайым жаттығу: ай, күн аттарын қазақша айтуға дағдылану.

Ай, күн ең жиі орысша айтып жіберетін сөздеріміз. Егер осыларды қазақша айтып үйренсек мида үнемі сигнал тұрады, басқа сөздерді де барынша қазақша айтуға тырыса бастайсың.

Әрі қарай